Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Жезқазған кен орнының қапталында геофизикалық жұмыс басталды

Зерттеуді Qazaq Geophysics компаниясы жүргізуде. Жоба аясында мамандар жұмыс істеп тұрған тау-кен нысандарының қапталдары мен терең қабаттарында орналасқан үш телімде жақын аймақтағы өрістің қалыптасуын зондтау әдісімен электр барлау жұмысын бастады.  Зерттеудің мақсаты: геоэлектрлік қиманы зерттеп, негізгі геоэлектрлік қабаттардың тереңдігі мен қалыңдығы сынды құрылымдық элементтерді анықтау.  Зерттеудің жалпы көлемі 30 жүгіртпе шақырымнан асады.  Геофизикалық зерттеу нәтижесі геологиялық барлау жұмысын жалғастыру туралы шешім қабылдауға негіз болады.