Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Құрметті кеншілер мен байытушылар!

Кенші және байытушы кәсібі кез келген адам көтеріп кете беретін жеңіл кәсіп емес. Оған төзімді, қайратты, алғыр, еңбекке құштарлығы жоғары жігерлі адамдар ғана шыдай алады. Өйткені ғасырлар, дәуірлер бойы жер қойнына бекіп қалған байлықты игеру оңай іс емес. Ал Сіздер бүгін осы ауыр да абыройлы істің қаһармандарына айналып отырсыздар. Сіздерді Қарағанды өңірінің, сондай-ақ жалпы еліміздің экономикалық, әлеуметтік дамуына ерекше үлес қосып жүрген еңбеккерлер деп санаймыз. Құрметті кеншілер мен байытушылар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, әрқайсыңызға мықты денсаулық, ұзақ та бақытты ғұмыр, табысты еңбек тілейміз. Құрметпен, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басшылығы