Балқаш қаласында «Балқаш-2024» халықаралық су-климат форумы өтті
03.06.2024
Сондай-ақ су бассейнін экожүйелік тәсілге негіздей отырып
басқарудың модельдері қарастырылды. Форум жұмысының нәтижесі бойынша қоғамдық ұйым құру туралы шешім қабылданды.
Бұл ұйым Балқаш көлі экожүйесін зерттеу және білім беру қызметін дамытады,
экожүйесінің мүддесін Қазақстан Республикасында, алыс және жақын шетелдерде
қорғайтын болады. Қазақмыс экологиялық саясат және ESG қағидаттарын ұстана отырып, форумда
белгіленген іс-шараларға белсенді атсалысып, Балқаш көлін құтқару бағдарламасын
әзірлеуге үлес қосатынын білдірді. Халықаралық форумға Мәжіліс депутаттары, Қарағанды облысының әкімі, мемлекеттік
органдардың өкілдері, су ресурстары жөніндегі сарапшылар, мәдениет
қайраткерлері, өңірлік өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ Қазақстандағы
дипломатиялық миссиялардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.



