Қарсақпай металлургтеріне кәсіби мерекегеорай құрмет көрсетілді
Металлург күніне орай Қарсақпай кентінде «Q.I.Satbaev atyndagy Jezqazgan Tau-ken ondirisi» Қарсақпай металлургия зауытының жұмыскерлеріне арналған салтанатты шара өтті.

Металлургтерді кәсіби мерекесімен құттықтауға «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Q.I.Satbaev atyndagy Jezqazgan Tau-ken ondirisi» Бизнесті қамтамасыз ету департаментінің директоры Дархан Ранов, Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Батырлан Сәбден, Қарсақпай металлургия зауытының директоры Мұрат Мәткенов және оның орынбасары Смағзам Нұрмағамбетов, сондай-ақ «Кәсіп Қорған», «Әділетті жол» және «Jastar Bolashaq» кәсіподақ ұйымдарының өкілдері келді.
Салтанатты рәсім барысында кәсіпорынның үздік жұмыскерлеріне жоғары кәсіби шеберлігі, көпжылдық еңбегі және салаға деген адалдығыүшін лайықты марапаттар табысталды.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Бақылау кеңесі төрағасының Құрмет грамотасымен электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтер Барлыбай Танжаров марапатталды.
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен құю-металлургия цехының қолмен қалыптау учаскесінің қалыптаушысы Серік Түлкібаев марапатталды.
Ұлытау ауданы әкімінің Құрмет грамотасы құю-металлургия учаскесінің құюшысы Бақтияр Аңсағаевқа табысталды.
Ұлытау ауданы әкімінің Алғыс хатына көлік учаскесінің жүргізушісі Есенгелді Тоқманбетов пен құю учаскесінің металл жонушысы Әділхан Өксікбай ие болды.

«Еңбек озаты» төсбелгісімен экскаватор машинисі Мақсұтбек Нүркеев марапатталды.
«Кәсіподақтың құрметті қайраткері» төсбелгісімен слесарь-жөндеуші Сәруар Жанабаев марапатталды.
Тағы 12 жұмыскер кәсіподақ ұйымдарының төсбелгісі мен құрмет грамотасына ие болды.
Мерекелік шараның көркін әртістер мен шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуі аша түсті. Сондай-ақ қатысушыларға арнап салтанатты дастархан жайылды. Саябақта балалар мен ересектер арасында асық ату, арқан тартыс, эстафета және басқа да спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.
Компания еңбек адамдарына әрдайым үлкен құрметпен қарап, олардың жұмысын қауіпсіз әрі қолайлы етуге ұмтылады. Мұндай кездесулер басшылыққа жұмыскерлердің кәсібилігі, жауапкершілігі және металлургия саласына деген адалдығы үшін алғыс білдіруге мүмкіндік береді.










