Қазақмыс жұмыскерлеріне арналған медициналық сақтандыру бұрынғы тәртіппен жалғасады
2026 жылғы 1 тамыздан бастап «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және «Қазақмыс» Тобына кіретін компаниялардың жұмыскерлері мен олардың отбасы мүшелеріне арналған ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасы өз жұмысын жалғастырады.
Жұмыскерлер үшін маңызды ақпарат: бұған дейін «Архимедес» және «Өркендеу» атауларымен жұмыс істеген медициналық ұйымдар енді «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС құрамында Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларында бұрынғы кабинеттерде, сол дәрігерлер құрамымен пациенттерді қабылдауды жалғастырады. Осылайша жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелері үшін үйреншікті медициналық көмек алу тәртібі сақталады.
Ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасы 34 500 жұмыскерді және олардың 75 500-ден астам отбасы мүшесін қамтиды. Бағдарламаға осыған дейін тіркелген барлық қатысушылар медициналық сақтандыру қызметін автоматты түрде бұрынғыдай пайдалана береді. Құжатты қайта рәсімдеу немесе бағдарламаға қайта тіркелу талап етілмейді.
1 тамыздан бастап сақтандыру қызметін «Халық» сақтандыру компаниясы көрсетеді. Ал медициналық көмекті ұйымдастыру мен сақтандырылған тұлғаларды сүйемелдеуді «Ассистанс компания «Меди-Сервис» ЖШС қамтамасыз етеді.
Жұмыскерлерге кеңес алу, дәрігердің қабылдауына жазылу немесе медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша көмек қажет болған жағдайда, «Ассистанс компания «Меди-Сервис» ЖШС-ның тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталығына хабарласуға болады:
• 2250 — ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін;
• 8 771 506 10 06;
• 8 771 506 10 66.
Call-орталыққа хабарласқан кезде тегін, атын, әкесінің атын, ЖСН-нын және қандай медициналық көмек қажет екенін хабарлау қажет. Call-орталықтың мамандары дәрігердің қабылдауына жазылуға көмектеседі, қажетті медициналық ұйымның мекенжайын береді және медициналық көмек алу тәртібі бойынша толық ақпарат ұсынады.
Жаңа сақтандыру компаниясына көшу ерікті медициналық сақтандыру жүйесін дамыту аясында жүзеге асырылуда. Айта кетерлігі, жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелері үшін медициналық көмек алу тәртібі өзгермейді. Бұрынғы медициналық ұйымдар, дәрігерлер, қабылдау кабинеттері сақталып, медициналық қызметтің үздіксіз көрсетілуі қамтамасыз етіледі.
Жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығына қамқорлық жасау «Қазақмыс» Тобының әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі болып қала береді.
Медициналық мекемелер тізілімі:
https://www.kazakhmys.kz/ru/purchases
*Тізім жаңа медициналық ұйымдармен толықтырылып отырады.



