Мәжіліс депутаттары жұмыс сапары аясында Қазақмыстың өндірістік нысандарын аралады
04.07.2025
Сапар барысында парламент өкілдері фабриканың өндірістік
цехтарын аралап, кен байыту процесімен және қолданыстағы заманауи технологиялық
шешімдермен танысты. Жұмыс сапарында
өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбек жағдайы мәселесі ерекше назарға алынды.
Депутаттар жұмысшылармен кездесіп, ұжымды толғандыратын өзекті тақырыптарды
талқылады. Бүгінде кеніште
негізінен жас мамандар жұмыс істейді – олардың орташа жасы 30-35 шамасында.
Кеніштің ерекшелігі – кен байыту фабрикасына тікелей жеткізіледі. Кен өндіру
көлемі жылына 4,2 млн тоннаға дейін өсті, алдағы жылдары бұл көрсеткішті 4,5
млн тоннаға жеткізу жоспарланған. Кеніште
жұмыскерлердің қай жерде жүргенін бақылау және төтенше жағдай туралы дереу
хабарлау жүйесі енгізілген, бұл қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттырды. Фабрикада
2017 жылдан бері ұсақтау, ұнтақтау, електен өткізу және флотация процестерін
жаңғырту жұмысы жүзеге асырылды, оған 46 млн АҚШ долларынан астам қаржы
жұмсалды. Үшінші кезеңге шамамен 12 млн доллар қарастырылған және ол 2027 жылға
қарай аяқталады. Депутаттар
компанияның әлеуметтік саясатының нәтижесімен танысты. 2025 жылы әлеуметтік
бағдарламаға бөлінген бюджет 12,4 млрд теңгеден асты, ол тұрғын үймен
қамтамасыз ету, ерікті медициналық сақтандыру, сауықтыру және балалар демалысы,
2025-2029 жылдарға арналған ұжымдық шарт сияқты ауқымды бағыттарды қамтиды.



