Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

ҚАЗАҚМЫС ПЕН KAZ MINERALS ТОБЫ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ӨҢІРЛЕРГЕ МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Қаражат тұрғын үйлерді қалпына келтіруге, қажетті тауарларды сатып алуға және ең көп зардап шеккен аймақтарда инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарына бағытталатын болады. Компаниялар табиғи апаттың зардаптарын тез арада жоюға, инфрақұрылымды және азаматтардың күнделікті өмір салтын қалпына келтіруге қолдау көрсетуде. Бұған дейін KAZ Minerals және Қазақмыс Аягөз ауданындағы су тасқынынан, Түркістан облысындағы су тасқынынан, Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетіп, өздерінің өндірістері орналасқан аймақтарындағы әлеуметтік жобаларға белсенді инвестиция салған болатын.