Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қарсақпай қызметкерлеріне құрметті марапаттар!

ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен Ғабит Ермағанбетов, «кәсіподақтың Құрметті қайраткері» белгісімен – Елубай Наурызбаев, «Еңбек озаты» төсбелгісімен – Серік Түлкібаев, Бақтияр Аңсағаев, Оразай Жанаділов марапатталды. Сондай-ақ, зауыт қызметкерлері Ұлытау ауданы әкімінің алғыс хаттарымен және кәсіподақ грамоталарымен марапатталды. Айта кетейік, қазіргі таңда 10 цехтан тұратын Қарсақпай зауытында 150 адам жұмыс істейді. Кәсіпорынның өнімділігі жылына 300 мың тонна кенді құрайды. Қазіргі уақытта Қарсақпай зауыты халықты ауыз сумен, жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз ете отырып, кенттің барлық инфрақұрылымын қамтиды.