«Мен жастарға сенемін!»
21.03.2023
Көңілді және тапқырларға арналған ойын Наурыз мейрамы
мен Сәтбаев қаласының 50 жылдық
мерекесі
аясында өтті. Ойында Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары
мен Ұлытау облысының 12 құрама командалары жарқын әзіл мен әртістік өнерін
көрсетіп, бақ сынасты. Қалған қатысушыларға «Қазақмыс Холдинг» ЖШС бөлімшелері мен мердігерлік
ұйымдарының өкілдері лайықты қарсылас болды. Г.
О. Омаров атындағы шахта трестінің командасы ойынның алғашқы минуттарынан бастап қазылар
алқасы мен көрермендердің сүйіктісіне
айналды.
Тресттің КТА
ойыншылары өздерінің
Гран-при жеңістер қоржынын
толықтыруды дәл осы әзіл-оспақ меркесінен бастады. Бірінші орынды «Kazakhmys
Maintenance Services (Қазақмыс Мейнтенанс Сервисиз)» ЖШС командасы иеленсе,
«Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС медицина қызметкерлері «күміс жүлдені» жеңіп
алып, ал «Жомарт» кенішінің командасы құрметті үшінші орынды еншіледі. Қатысушы ұжымдарға кубоктар
мен көрермендердің қошеметінен басқа ақшалай сертификаттар да табысталды.



