Құрбан айт құтты болсын!
28.06.2023
Сіздерді қасиетті Құрбан Айт мерекесімен - бейбітшілік пен ізгілік, мейірімділік және адамгершілік тазалық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! «Біреуге жасаған жақсылығың өзіңе еселеп қайтады» деп бекер айтылмаған. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ережесін басшылыққа ала отырып, «Қазақмыс» осылай өмір сүріп, жұмыс істейді. Компания жұмыс істейтін барлық аймақтарда, ең алдымен, біздің қызметкерлер мен олардың отбасыларының өмір сүру жағдайларын жақсартуға тырысады. Өйткені, халық игілігі үшін жасалған іс жүректерде мәңгі із қалдырады, жақсылыққа бастайды. Сіздерге осы жарқын күнде және алдағы уақыттарда – жылылық пен өзара құрмет, бейбітшілік пен тыныштық, өркендеу мен амандықта өмір сүрулеріңізді тілейміз! «Kazakhmys Holding» ЖШС (Қазақмыс Холдингі) Директорлар кеңесі



