Қарсақпай мыс балқыту зауытын консервациялауға қатысты ақпарат
24.02.2023
Қарсақпай мыс балқыту
зауыты мен еңбек ұжымының жалпы Жезқазған өңірінің, өркендеуіне қосқан үлестері орасан
зор. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басшылығы
Қарсақпай мыс балқыту зауыты компанияның
әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өсуіне ерекше ықпал еткенін жоғары бағалайды. Қазіргі уақытта зауытты консервациялау бойынша жол картасын дайындаумен қатар, басқа
да кешенді іс-шаралар әзірленуде. Дегенмен бұл мәселе бірақ
күнде шешіліп, орындалатын оңай шаруа емес. Ол үшін арнайы зерттеу жасалып жан
жақты талқылау жүргізіледі. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басшылығы өткен жылдың екінші желтоқсанында
өткізген жиналыс барысында, кәсіпорын жұмысшылары қысқартылмайтынын, жалақылары
да сақталатынын түсіндіріп өткен болатын. Бүгінгі таңда зауыт қызметкерлерінің
еңбекақыларын сақтай отырып қазақмыстың
басқа кәсіпорындарына жұмысқа орналастыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.



