Балқаш КВН командасы \"Маусымашар-2023\" гала-концертінде өнер көрсетті
22.02.2023
Фестиваль
2023 жылғы «Жайдарман» ойын маусымын ашты. Жыл сайын «Жайдарман» Қазақстанның түкпір-түкпірінен жас
өнерпаздардан құралған жүздеген команда жинайды. Бұл жолы «Маусымашар-2023» фестивалінде 240 команда өнер көрсетті. Гала-концерт осы фестивальдің қорытындысы болды, онда үздік 14 команда іріктелді. Олардың арасында республикалық Астана Лигасына өткен балқаштықтар да болды. Айта кету керек, «Балқаш» командасында қатысушылардың бірі - Арсен Ербол – Балқаш Жөндеу-механикалық зауытының қызметкері, анасы БМЗ-да еңбек етеді. Ал команданың тағы бір мүшесі Алмат Мұсақожаның әкесі «Tranco Express» компаниясында
жұмыс істейді. Ойыншылар ерекше әзіл-оспақ, тапқырлық, әзілмен жеткізудегі өткірлігі мен актерлік қабілеттерін көрсете білді. Алда-ойындардың көктемгі маусымы. Балқаштықтарға республикалық көңілді тапқырлар клубының алдағы
кезеңінде сәттілік тілеп биіктен көрінулеріне тілектеспіз!



