Қазақмыс геологиялық барлауды цифрлық технологиялар арқылы күшейтуде
14.08.2025
Жомарт, Батыс және Оңтүстік кеніштерінде жұмыс істейтін Жезқазған
тау-кен өндірісінің мамандары Micromine бағдарламасын меңгеруде. Бұл бағдарламалық
жасақтама тау-кен жұмысын жобалау мен жоспарлау, сондай-ақ үшөлшемді геологиялық
модельдерді құру үшін қолданылады. Оқыту қорды есептеуге арналған геологиялық-геофизикалық
ақпараттық жүйе (ГГАЖ) бағдарламасын қолдану арқылы жүргізілуде. Болашақта Қазақмыс Micromine бағдарламасын барлау жұмысынан бастап
блоктық модельдеуге дейінгі барлық кезеңде қолдануды жоспарлап отыр. Бұл модель
жасау және өндірісті жедел жоспарлау процестерін цифрландыруға мүмкіндік береді. Анықтама: Micromine – тау-кен өндіру саласына арналған заманауи бағдарламалық
жасақтама. Ол 3D-модельдеу, геостатистикалық талдау және тау-кен жұмысын жоспарлау
үшін қолданылады, геологиялық барлау деректерін өңдеуді автоматтандырып, жеделдетуге
көмектеседі.



