Қазақмыс кеніштердегі еңбек жағдайын жақсартып жатыр
«Қазақмыс» Тобының Жезқазған өндірістік алаңындағы кәсіпорындарда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлінің еңбек ұжымымен өткізген кездесуінің қорытындысы бойынша қабылданған шешімдерді іске асыру жалғасуда. Жүзеге асырылған алғашқы ұсыныстың бірі – жер астында өздігінен жүретін машиналардың орындығын жаңарту жұмысы болды.

Бұл бастама жұмыскелерден түсті. Олар ауысым барысында тау-кен-шахталық техникасын ұзақ уақыт пайдаланатындарын алға тартып, жайлылықты арттыру және дене жүктемесін азайту қажеттігіне назар аударды.
Бірінші кезең аясында Жезқазған өндірістік алаңының кәсіпорындары үшін жалпы құны 22,8 млн теңгені құрайтын 30 заманауи орындық сатып алынды. Олар Оңтүстік Жезқазған, Шығыс Жезқазған және «Жыланды» кеніштеріне орнатылды. Жыл соңына дейін құны 45,6 млн теңгені құрайтын тағы 60 орындық жеткізу жоспарланған.

Жаңа орындықтар кеңейтілген реттеу мүмкіндігімен жабдықталған. Сондай-ақ оператордың салмағына қарай реттелетін аспалы жүйемен, қауіпсіздік белдіктерімен және заманауи эргономикалық элементтермен қамтамасыз етілген. Мұндай жабдық жұмысшыларға түсетін физикалық жүктемені азайтып, техниканы басқару қолайлылығын арттыруға, сондай-ақ жер астында анағұрлым жайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға мүмкіндік береді.
Компанияда жабдықтарды жаңарту еңбек жағдайын жақсарту мен өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған жүйелі бағдарламаның бір бөлігі екені атап өтілді. Басшылықтың еңбек ұжымдарымен кездесулерінде жұмысшылар тарапынан түсетін барлық ұсыныстар қаралып, өндірістік алаңдарда кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.
Еңбек ұжымдарымен ашық диалог тәжірибесі алдағы уақытта да жалғасады. Компания өндірістің қауіпсіздігін, сенімділігін және еңбек жағдайының сапасын арттыруға бағытталған шешімдерді жүйелі түрде енгізуді жалғастырады.



