Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қазақмыс мамандарды іріктеу және кадр резервін қалыптастыру жүйесін дамытуда

Қазақмыста өндірістік және инфрақұрылымдық бөлімшелерге қажетті мамандарды іріктеу жұмысы жалғасуда. Кезекті отырыс қорытындысы бойынша бірыңғай комиссия үміткерлерді Шығыс Жезқазған кенішіне жұмысқа қабылдауға ұсынды. Сонымен қатар бірнеше үміткер компанияның кадр резервіне енгізілді. 

Шығыс Жезқазған кенішіне мамандарды іріктеу барысында комиссия бірнеше жұмысшы мамандығы бойынша үміткерлерді қарады. Өздігінен жүретін жерасты машиналарының машинисі лауазымына бір үміткер жұмысқа қабылдауға ұсынылды. Теспе бұрғылаушының көмекшісі лауазымына алты адам үміткер болды. Оның екеуі жұмысқа орналасуға ұсынылды, тағы бір үміткер кадр резервіне енгізілді.

Аймақтық бірыңғай қойма шаруашылығы үшін жеке іріктеу өткізілді. Жүк тиеуші лауазымына 28 адам үміткер болды. Бағалау қорытындысы бойынша төрт үміткер кадр резервіне енгізілді. Олар тиісті мамандарға қажеттілік туындаған жағдайда жұмысқа орналасуға үміткер ретінде қаралады. 

Іріктеу бірыңғай комиссия арқылы жүргізіледі. Бұл компанияның әртүрлі бөлімшелерінде үміткерлерге бірдей талапты қолдануға мүмкіндік береді. Бағалау кезінде үміткердің кәсіби даярлығы, жұмыс тәжірибесі және нақты лауазым талабына сәйкестігі, оның ішінде өндірістік қауіпсіздік талабы ескеріледі. 

Кадр резервін қалыптастыру Қазақмысқа қажетті мамандарды алдын ала анықтап, туындаған бос жұмыс орындарын жедел толтыруға мүмкіндік береді. Үміткерлер үшін бұл тетік бағалаудан өтіп, кейін өздеріне сәйкес келетін бос орын пайда болған жағдайда қайтадан толық іріктеу рәсімінен өтпей-ақ қаралуға мүмкіндік береді.

Персоналды іріктеудің бірыңғай тәсілі кадрлық рәсімдердің ашықтығын арттырып, кәсіпорындарды қажетті мамандармен дер кезінде қамтамасыз етуге бағытталған.