«Қазақмыс» компания басшылығы атынан алаяқтық әрекеттің жиілегенін ескертеді

«Қазақмыс» корпорациясы алаяқтық әрекеттің көбейгенін хабарлайды. Бұл ретте алаяқтар компания басшылығының, оның ішінде «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының атынан қызметкерлер мен азаматтарға хабарласуда.
Осыған байланысты компания ресми түрде мәлімдеме жасайды: жеке деректі ұсыну немесе ақша аудару туралы кез келген өтініш «Қазақмыстың» қызметіне қатысы жоқ және алаяқтық әрекет болып табылады.
Компания топ-менеджерлері жеке нөмірден қоңырау шалмайды және мессенджер арқылы байланысқа шықпайды. Басшылық ешқашан ақша, құжат, құпия сөз немесе SMS-код сұрамайды. Мұндай мазмұндағы кез келген өтініш – алаяқтық болып саналады.
Алаяқтар әртүрлі айла-тәсілдерге жүгінеді: әлеуметтік желі мен мессенджерлерде басшылардың жалған аккаунтын ашады, шынайы фотосуреттерді пайдаланады, сондай-ақ дауыс пен бейнені ұқсату үшін жасанды интеллект технологиясын қолданады.
Алаяқтардың қитұрқы әрекетінен қорғану үшін компания күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға жауап бермеуге, жеке деректі (ЖСН, банк картасының нөмірі, құпиясөз) жария етпеуге, бейтаныс адамдарға ақша аудармауға, ақпаратты тек компанияның ресми арналары арқылы тексеруге кеңес береді.
Күмән туындаған жағдайда жұмыскерлер мен азаматтар ресми арналар арқылы SENIM қызметіне жүгіне алады:
• тегін байланыс желісі: 8-800-080-8089;
• WhatsApp/Telegram: +7 708 436 20 58;
• электронды пошта: senim@kazakhmys.kz;
• ішкі SEN порталы;
• ресми электронды мекенжай: official@kazakhmys.kz.
Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.
«Қазақмыс» корпорациясы баршаңызды сақ болуға және өзіңіз бен жақындарыңызды қорғауға шақырады.



