Қазақмыс отандық жеке қорғаныс құралдары өндірушісін қолдады
24.07.2024
Респиратор жеткізу бойынша
ынтымақтастық басталып кетті. 2,2 млрд теңгеге 14,5 млн дана сатып алу
жоспарланды. Бұл Қазақмыстың барлық өндірістік нысандарының қажеттілігін
өтейді. Отандық ЖҚҚ сапасы, техникалық
жағдайы, таңбалануы мен қаптамасы халықаралық стандартқа сай. Логистиканы қысқарту және ЖҚҚ жедел жеткізілуін қамтамасыз ету үшін
Ulytau Industrial Company Жезқазғандағы цех құрылысын аяқтап жатыр. Цех тәулігіне
30 мың респиратор шығарып 40 адамды жұмыспен қамтиды. Қазақмыс офтейк-келісімшарт көлемін жылына 20 млрд
теңгеге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бүгінгі
таңда отандық әк және түсті өнім тауарын өндірушілермен келісім жасалды.
Сонымен қатар Green Chemicals Kazakhstan компаниясынан құны 1,7 млрд теңгені
құрайтын технологиялық химия сатып алу бойынша келісімшарт әзірленуде. Қазақмыс ел Президентінің отандық өндірушілермен
офтейк-келісімшарт жасау үлесін 10% -ға дейін ұлғайту бастамасын осылай қолдап
отыр.



