Қазақмыс техникалық селеннің алғашқы партиясын жөнелтті
31.01.2025
Вакуумдық
дистилляция әдісі селенді реагент қолданбай жоғары дәрежеде тазартуға мүмкіндік
береді, сәйкесінше процесті экологиялық қауіпсіз етеді. Технологияны Satbayev
University Металлургия және байыту институтының ғалымдары әзірледі. Осылайша
бірегей қондырғы қолданысқа енгізіліп, түсті металдардың әлемдік нарығының
талабына сай өнім өндіруге жол ашылды. Жобаның
тарихы 2017-2018 жылдары «Қазақмыс Прогресс» ЖШС Балқаш мыс балқыту зауытының
(БМЗ) бағалы металдар цехындағы тазарту учаскесінің газ тазарту жүйесін
жаңғыртудан басталды. Бұл тазартылмаған селен
өндірісін жылына 60 тоннадан 100 тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік беріп, оны
тазартуды экономикалық тұрғыдан тиімді етті. Бағалы
металдар өндірісінің қосалқы өнімі болып табылатын тазартылмаған
селенді тазарту жобасын іске асыру 2020 жылы Балқаш өндірістік алаңында
басталды. 2022 жылы жаңа өндірістік учаске іске қосылды, ал 2023 жылы
өнеркәсіпте пайдаланыла басталды. Қазіргі уақытта селен күн батареяларында, көшіру аппараттарында, шыны, керамика өндіруде, сондай-ақ медицина мен химия өнеркәсібінде қолданылады. Балқаштағы жаңа өндірістің іске қосылуы Қазақстан мен «Қазақмыс» компаниясының түсті металдардың әлемдік нарығындағы экономикалық позицияларын нығайтуға жаңа мүмкіндік береді.



