Қазақмыс пен Қазақстанның жетекші компаниялары Wellbeing 3.0 форумында қызметкерлерге қамқорлық жасаудың жаңа стандартын талқылады
2026 жылғы 13 тамызда Қазақмыстың Астанадағы кеңсесінде «Wellbeing 3.0: адам капиталы – бизнес тұрақтылығының қозғаушы күші» атты форум өтті. Іс-шараға тау-кен металлургия, энергетика және технология секторының отандық және халықаралық жетекші компанияларының 80-ге жуық сарапшысы мен өкілі қатысты.

Тұрақты бизнес ең алдымен адамдардан басталады. Сондықтан бүгінгі таңда Wellbeing ұғымы жекелеген HR-бағдарламалар аясынан шығып, компаниялардың ұзақ мерзімді стратегиясының бір бөлігіне айналып отыр. Бұл бағыт кадр даярлау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуден бастап, қызметкерлердің құзыретін дамытуға және қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыруға дейінгі кең ауқымды қамтиды.
Корпоративтік мәдениет пен wellbeing-тің еңбек өнімділігіне, қауіпсіздікке және бизнестің тұрақтылығына тигізетін әсері кездесудің басты тақырыбы болды. Қатысушылар қызметкерлерді дамыту бағытындағы практикалық кейстер мен цифрлық шешімдерді таныстырды.

Қазақмыс кадр даярлау тәжірибесімен бөлісті. Бұл бағыт бейінді колледждер мен R&D орталығынан бастап, өнеркәсіптің нақты міндеттеріне бағытталған, икемді үш жылдық бакалавриат бағдарламасы бар «Ұлытау университетіне» дейінгі жүйені қамтиды. ERG компаниясы 60 мың қызметкердің күнделікті HR сұранысын шешуге көмектесетін ERGiz AI-көмекшісін таныстырды. Ал «Қазатомөнеркәсіп» «Денсаулықты қорғау 360°» бағдарламасын, Tele2/Altel компаниясы қызметкерлер мен олардың отбасыларына арналған Wellbeing-қызметтің экожүйесін ұсынды.
Сарапшылар цифрлық трансформация және құзыреттерді дамыту мәселелерін жеке талқылады. Digital Mining үлгісінде интеллектуалды жүйе өндірістік үдерістің тиімділігін 20-40%-ға арттыра алатыны айтылды. Осы орайда цифрландыру қызметкерлерді қосымша оқытуды және жаңа дағдыларды дамытуды талап ететіні атап өтілді.

Сондай-ақ форумда 150 мыңға жуық қызметкердің қатысуымен 117 кәсіпорында жүргізілген зерттеудің нәтижесі таныстырылды. Зерттеу қорытындысына сәйкес, мамандардың компанияда қалуына тек бәсекеге қабілетті жалақы ғана емес, сондай-ақ жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдік, жұмыс берушімен қарым-қатынас және ұжымдағы ахуал тікелей әсер етеді.
Форум қазіргі компаниялар үшін қызметкерлерге қамқорлық жасау, олардың құзыретін дамыту және қауіпсіз жұмыс ортасын қалыптастыру тұрақты бизнестің маңызды құрамдас бөлігіне айналғанын көрсетті.




