«Қазақмыс» пен халықаралық Power China холдингі ынтымақтастықты дамыту болашағын талқылады
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басышылығы Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлінің жетекшілігімен Қытайдың мемлекеттік Power China холдингінің делегациясымен жұмыс кездесуін өткізді. Делегацияға CINF металлургия бағытының директоры У Сяосун мырза (Mr. Wu Xiao Song) және PowerChina Group компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Ли Тэн мырза (Mr. Li Teng) басшылық етті.

Қытайдың мемлекеттік Power China холдингі жобалау, инфрақұрылымдық құрылыс және энергетика салаларындағы әлемнің ірі ойыншыларының бірі болып табылады. Құрамына 76 еншілес кәсіпорын кіретін компания жаһандық инженерлік рейтингтерде жетекші орын алады және әлемнің 130 елінде ондаған ірі тау-кен жобасын жүзеге асыруда.
Кездесу барысында Power China өкілдері ірі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудағы халықаралық тәжірибесімен бөлісіп, жүзеге асырылған шешімдер мен күрделі өндірістік нысандарды іске асыру кезінде қолданылатын заманауи инженерлік тәсілдерді таныстырды.
Тараптар өзекті мәселелер мен өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мүмкіндігін талқылады. Кездесу барысында қытайлық тарап жобаланатын нысандардың құнын оңтайландыру тәсілін, оның ішінде шығын құрылымын және болашақ жобалардың экономикалық тиімділігін бағалау үшін оларды оңтайландыру мүмкіндігін таныстырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға және компания өкілдері арасындағы тікелей байланысты кеңейтуге мүдделі екендерін растады.






