Қазақмыс кеншілер үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсартты
14.05.2024
Жергілікті жерлерде тұрмыстық
жағдайларды жақсарту – компанияның басым міндеттерінің бірі.
Қызметкерлерді сапалы санитарлық-тұрмыстық қамтамасыз ету еңбек пен өнімділікті
арттыру үшін қолайлы жағда жасайды, жалпы және кәсіптік сырқаттанушылықты
азайтады. Арнайы модульдік контейнерлерге
микротолқынды пеш, тоңазытқыш, жиһаз кіреді және барлық қауіпсіздік ережелеріне
сәйкес келеді. Барлық тамақтану орындарын
отандық компаниялар жасаған. Бүгінгі таңда контейнерлер
«Жомарт», Жыланды және Оңтүстік Жезқазған кеніштерінің шахталарында орнатылды. Сондай-ақ, біздің
қызметкерлерге ыңғайлы болу үшін Жезқазған қаласында өндірістік нысандар
жанындағы ескі аялдама кешендері ауыстырылды. Аспалы құрылыстардың орнына
заманауи аялдамалар пайдалануға берілді. Олардың
мақсаты – жолаушылар көлігін күту кезінде жазда салқындату, қыста жылыту арқылы
жайлылықты қамтамасыз ету.



