Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

«Қазақмыс» Халықаралық «Жер Сағаты» акциясына қатысты

Балқаш пен Жезқазғандағы мыс балқыту зауыттары, «Балқаштүстімет» және «Қарағандытүстімет» ӨБ, Жезқазған қаласының энерго-жөндеу мамандандырылған басқармасы, бас жобалау институты, Жезқазған қаласының күрделі құрылыс басқармасы, сондай-ақ Қарағандыдағы бірқатар әкімшілік ғимараттар, Шатыркөл кеніші бір сағатқа жарықсыз қалдырылды. Экологиялық акцияны өткізу компания кәсіпорындарының өндірістік процестеріне әсер еткен жоқ. «Қазақмыс» әрдайым қазақстандықтардың назарын экологиялық проблемаларға аудара алатын түрлі акцияларға белсенді қатысады. Сондай-ақ, корпорация өндіріс ошақтары орналасқан қалаларда және өз өндірістерінде экологиялық жағдайды жақсарту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізуде.