Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қазақмыс, «Қазақстан халқына» қоры және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 100 тұрғын үй салады

Осы уақытқа дейін бөлінген 40 млрд теңгенің 2,4 млрд теңгесі Петропавл қаласында Солнечный-2 шағын ауданында 100 үй салуға жұмсалатын болады. Құрылыс барысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін Қазақмыс, «Қазақстан халқына» Қоры мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі арасында меморандумға қол қойылды.   Құжатқа сәйкес, жергілікті атқарушы органдар залалды бағалау, құрылыс туралы қорытындылар, жер учаскелерін бөлу, жобалау-сметалық құжаттаманы келісу және мердігер ұйымдарды іріктеу туралы ақпарат береді. Меморандум шеңберінде Қазақмыс пен Қор орындалған жұмыстар актілеріне сәйкес қаражатты кезең-кезеңімен құрылыс компанияларына аударатын болады.   «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Тұрақты даму жөніндегі директоры Сәкен Шаяхметов компанияның қаражатына салынған үйлер табиғи апат салдарынан баспанасынан айырылғандар үшін бизнес пен мемлекет тарапынан қолдаудың символына айналатынын атап өтті. «Қазақстан халқына» Қоғамдық Қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішев барлық рәсімдердің ашықтығын сақтау және қоғамдық бақылау құрылыстың сапасын қамтамасыз ететінін атап өтті. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Гауез Нұрмұхамбетов әріптестік танытқандарға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, апат салдарын ойдағыдай еңсеру және зардап шеккен отбасыларға қажетті көмек көрсету үшін күш-жігерді салатын боламыз. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақмыс, KAZ Minerals, АлтынАлмас, Қаражыра және RBK Bank компаниялар тобы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмектесу үшін 40 млрд теңге бөлген болатын.