Жезқазған ЖЭО жылу маусымына қалай дайындалды
14.10.2024
Бұған дейін жылу 3-ші және 6-шы жылу желілеріне берілді. Жүйелерге берілетін судың температурасы 60 градусты құрайды, бұл Жезқазған қаласындағы қазіргі орташа тәуліктік температурада қалыпты болып табылады. Қалалық жылу желілерінің жұмысқа қабілеттілігі мен тұрақтылығын «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ қамтамасыз етеді. №5 қазандық агрегатында жөндеу жұмыстары аяқталуда, ал №6 турбоагрегатта турбина құрастырылуда. Айта кетейік, бұл жұмыс Жезқазған қаласын жылумен үздіксіз қамтамасыз етуге кері әсерін тигізбейді. Жалпы, негізгі агрегаттарда жөндеу жұмыстары мерзімінде: №6 және №11 қазандық агрегаттарында, сондай-ақ №7 турбоагрегатта жүргізілді. №9 қазандық агрегатында күрделі жөндеу жұмысы аяқталды, қазір ол номиналды жүктемемен жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ Жезқазған ЖЭО қоймасында жинақталған отын қоры нормативтік көрсеткіштерден асты: қазан айының басында мұнда 134 мың тонна көмір және 2 мың тонна мазут сақталды, бұл ең төменгі қажетті қордан (87 мың тонна көмір, 300 тонна мазут) айтарлықтай жоғары. Жөндеу жұмыстарына жұмсалған қаражаттың жалпы құны 13 млрд теңгеден асты.



