Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Сәтбаев қаласының жылу энергетика кәсіпорны жылыту маусымына қалай дайындалды

Жүйедегі су температурасы 70 градус, бұл ағымдағы орташа тәуліктік температурадан жоғары. Қаладағы жылу желілерінің қабілеттілігі мен жұмысының тұрақтылығын Сәтбаев қаласының жылумен жабдықтау кәсіпорыны ЖШС қамтамасыз етеді. Негізгі агрегаттарда жөндеу жұмыстары мерзімінде жүргізілді. Ағымдағы жөндеуден төрт су жылыту қазандығы өтті. Күрделі жөндеу жұмыстары үш су жылыту қазандығы мен №2 қазандықтың газ құбырына жүргізілді. № 1 жылу станциясының түтін құбырын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жылу энергетика кәсіпорынының қоймасында жинақталған отын қоры нормативтік көрсеткіштерден жоғары. Бұл 200 мың тонна көмір мен 1000 тонна сұйық отынды құрайды. Осы отын қоры ағымдағы жылдың соңына дейін жеткілікті болады, ал жұмсалған отын көлемі қайта толтырылып отырады. Жөндеу жұмыстарына жұмсалған шығынның жалпы көлемі 1,6 млрд теңгені құрайды.