Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қазақмыс балаларды мектепке дайындауға қалай көмектесті

Биыл Қазақмыс Ұлытау, Қарағанды, Жамбыл және Абай облыстарындағы 700-ден астам оқушыны мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етуге 21 млн теңгеден астам қаражат бөлді. Шара шеңберінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына мектеп сөмкесі, кеңсе тауарлары және спорттық киім берілді.   «Әр отбасы үшін баласының жаңа оқу жылына сеніммен аяқ басуы қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. Біз үшін бұл жай ғана қайырымдылық акциясы емес, компанияның жұмыскерлері мен олардың балаларына, сондай-ақ Қазақмыс жұмыс істейтін өңірлердің тұрғындарына деген қамқорлық белгісі», – деп атап өтті компанияда.   Қызметкерлердің отбасына қамқорлық жасау – «Қазақмыс» компаниялар тобының әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі. Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында 1-сыныпқа қадам басқан балалары бар «Kazakhmys Barlau» ЖШС мен «QazaqGeophysics» ЖШС-нің 28 қызметкеріне 30 мың теңгеден біржолғы төлем берілді. Бұған қоса қызметкерлердің біріне 15 АЕК мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.   Бұл бастамаға Kazakhmys Energy жұмыскерлері де қолдау білдірді. Топар БЭТС станциясында балалар үшін мерекелік шара ұйымдастырылды. Оқушыларға мерекелік дастархан жайылып, жаңа сөмке мен оқу құралдары табысталды.   Мұндай игі бастама компанияның тұрақты дәстүріне айналды. «Қазақмыс» оқушылардың білім алуына жағдай жасауды жалғастыра береді және оларға бірдей мүмкіндік беруге ерекше назар аударады.