Балқаш ЖЭО жылу маусымына қалай дайындалды
16.10.2024
3 қазандық және 3
турбоагрегат жұмыс істеп тұр. Жылудың желілерге шығу кезіндегі температурасы 85
градус, бұл қалаға жылу беру талаптарына сәйкес келеді. Тұтынушыларға жылу
энергиясын жеткізу мен таратуға қалалық коммуналдық қызмет жауапты. Балқаш ЖЭО барлық жөндеу
жұмыстарын мерзімінде аяқтады. 3 қазандық және 3 турбоагрегатта ағымдағы жөндеу
жұмыстары жүргізілді. Бір қазандық толық күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ,
көмір түсіру және отын беру кешеніне, химиялық цех жабдықтарына, қазандықтар
мен сорғы жабдықтарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Резервтік турбоагрегатты
күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Станция қоймасында 132
мың тонна көмір және 815 тонна сұйық отын дайындалды, бұл қажетті резервтен екі
есе жоғары. Жылыту маусымы барысында қоймаға ай сайын 140 мың тонна көмір
түсіріліп отырады. Балқаш ЖЭО жөндеу
жұмыстарына 6,5 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсады



