Патриоттарды тәрбиелеу
23.10.2023
«Қайсар» клубы 2016 жылы
«Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер қозғалысы аясында құрылып,
«Қарағанды облысының патриоттық және әскери-спорт клубтары Федерациясында»
тіркелген. Қайсар сарбаздарының үш түрлі өз формасы мен әдемі жолақтары -
шеврондары бар. «Қайсар» клубының мүшелері
арасында ақпараттық-тәрбиелік, моральдық-адамгершілік және кәсіби іс-шаралар
өткізіліп отырылады. Колледж студенттерімен әскери-патриоттық жұмыс үш бағытта
жүргізіледі: жалпы дамыту, бастапқы әскери даярлық негіздерін теориялық білу
бойынша әскери-қолданбалы практикалық сабақтар; бастапқы әскери даярлық
курсынан өту қорытындысы бойынша оқу-далалық жиындар. Колледж ұжымы сонымен
қатар «Ауған соғыс ардагерлері мен мүгедектерінің жауынгерлік бауырластығы» ҚБ,
Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімімен және №53898
әскери бөлімімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Өз қызметі барысында
«Қайсар» клубы көптеген жетістіктерге қол жеткізген. Қайсарлықтар 2018 жылғы қала колледждерінің
студенттері арасында әскери-спорттық турнирлердің чемпиондары болып табылады,
сондай-ақ «Отан қорғаушы 2018» облыстық әскери-спорттық турнирінің, «Айбын
2019» облыстық турнирінің, «Жас сарбаз 2022» турнирінің және 2023 жылғы
Қарағанды облысының колледж студенттері арасында облыстық әскерилендірілген
кросстың жүлдегерлері болды. Салтанатты рәсім барысында
қайсарлықтар атыс және дене шынықтыру дайындығы бойынша практикалық білімдері
мен шеберліктерін паш етті, автоматтарды жедел және тез бөлшектеп- жинап, 16 кг
салмақтағы кір тасын көтеріп, пневматикалық мылтықтан оқ ату бойынша тамаша
дайындықтарын көрсетті. Ләззат Смағұлова



