Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

«Қазақмыс» сақтандыру компаниясы «жасыл» жобаларды сақтандыру бойынша қамтуды кеңейтуге ниетті

Осы мақсатқа қол жеткізуге үлес қосатындардың қатарында- форумда «Қазақмыс» сақтандыру компаниясы мен «KM Life» өмірді сақтандыру компаниясы ұсынатын «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС форумының ресми серіктесі бар. «Біз жасыл жобаларды сақтандыру саласындағы көшбасшымыз. Қысқа мерзім ішінде «жасыл» энергетика саласында 50–ден астам сақтандыру келісім шарты жасалды, біз осы саладағы қызметті жүзеге асыратын 30-дан аса компаниямен жел, күн және гидроэлектростанциялармен жұмыс істейміз», - деді «Қазақмыс» сақтандыру компаниясының және «KM Life» -өмірді Сақтандыру компаниясының директорлар Кеңесінің Төрайымы Амина Қасымова. «Астана» форумына қатысу «Қазақмыс» және «KM Life» сақтандыру компанияларына «жасыл» жобаларды сақтандырудың жаңа жолдарын көруге көмектесті. Компаниялар әлеуметтік жобаны – зиянды еңбек жағдайларында жұмыс жасайтын корпорация қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін ерікті медициналық сақтандыруды жүзеге асырады.