ӨНДІРІСТІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ
27.09.2023
Өнеркәсіптік көрмеге барлығы 700-ге жуық компания қатысты.
Әр түрлі елдердің машина, станок және кеме жасау, химия, авиация, металлургия
және тоқыма өнеркәсібінің мамандары - саланың даму мәселелері мен
перспективаларын талқылады. «Қазақмыс» тобы атынан- «Maker (мейкер)» ЖШС,
«Kazakhmys Barlau (Қазақмыс Барлау)» ЖШС, «QazaqGeophysics» ЖШС, «KAZ GREEN
ENERGY» ЖШС презентациялар өткізді. «Иннопром.Қазақстан» көрмесінде «Қазақмыс» таныстырған
жобалардың бірі «жасыл» электр энергиясын құру жобасы болды. Бұл - күн электр
станциялары, гидростанцияларды жобалау және салу. «Бүгін біз Шығыс өңірінде, атап айтқанда ШҚО, Күршім
өзенінде су электр станциясының құрылысын зерттеумен айналысамыз. Бұл біздің
перспективалы басым жобаларымыз», - деді «KAZ GREEN ENERGY» ЖШС Бас директоры
Валерий Сибагатулин. Сондай-ақ, көрмеде «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)»
ЖШС өндірістерінде жаңа мыс балқыту технологияларын енгізу, ҚҚМЗ-да
мамандандырылған тау-кен жабдықтары мен шахталық желдеткіштерді дайындау
бойынша жобалар таныстырылды, бұл – болашақта аталған өндіріс түрлерін
Қазақстан аумағында шоғырландыруға мүмкіндік береді.



