Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Ғалымдар кенді байытудың инновациялық әдістерін ұсынды

Ғалымдар эксперименттік технологиялар мен қондырғыларды көрсетті. Зерттеушілердің айтуынша, жаңа әдістер мен қондырғылар металдардың көп мөлшерін алуға және байыту фабрикасының жұмыс процестерін цифрландыруды арттыруға мүмкіндік береді. Конференцияға қатысушылар Жезқазған байыту фабрикасындағы байытудың заманауи әдістерін және одан әрі жетілдіру стратегиясын әзірлеуді талқылады. Жаңа тәсілдер процестердің тиімділігін арттырып қауіпсіздік деңгейін де жақсартуға акөмектеседі. Конференцияға бейінді институттардың, сондай-ақ кенді байытудың жаңа әдістерін енгізетін компаниялардың қызметкерлері қатысты. Satbayev University, ҚазГидроМедь, Green Chemicals Kazakhstan жетекші ғалымдары, ресейлік және түрік компанияларының өкілдері өз жаңалықтары туралы айтып берді. Конференция Жезқазған байыту фабрикасының құрылғанына 70 жыл толуына орай өткізілді.