Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек

«Қазақмыс» корпорациясы» COVID-19 пандемиясы кезеңінде халықты әлеуметтік қолдау қажеттілігін түсіне отырып, жергілікті атқарушы органдар ұсынған тізімдерге сәйкес Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш қалалары халқының әлеуметтік осал топтарының жекелеген санаттарына (мүгедек балаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына, мүгедектерге, зейнеткерлерге, бюджет саласы қызметкерлерінің жекелеген аса мұқтаж санаттарына) 30 000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсету бойынша жауапкершілікті өзіне алды. Сондай-ақ, компания зейнеткерлерінің жекелеген аз қамтылған санаттарына және «Қазақмыс» корпорациясы» кәсіпорындарының жұмыс істемейтін еңбек мүгедектеріне көмек көрсетілді. «Қазақмыс» корпорациясынан» 8000-ға жуық адамға әлеуметтік қолдау көрсетілді.