«Қазақмыс» өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жылдың көшбасшысы болып танылды
05.06.2023
Оған геология, тау-кен металлургия саласының мамандары, жобалау, ғылыми, оқу орындары мен кәсіпорындардың қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы тау-кен металлургия саласы тақырыбын көтеретін журналистер қатысты. «Золотой Гефест» байқауы әсіресе сала қатысушылары үшін маңызды – бұл тау-кен металлургия кешені мамандары үшін республикалық маңызы бар ең беделді сыйлық. «Золотой Гефест» байқауы 15 номинацияны қамтиды: «Жыл маманы» («Жыл геологы», «Жыл кеншісі», «Жыл металлургі», «ТМК әйелдері», «Жыл кеншісі», «Жыл байытушысы», «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы», Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша Жылдың көшбасшысы, Үздік digital-ТМК-дағы шешім (ERG сыйлығының бас серіктесінің арнайы номинациясы), Жыл тәлімгері, Жыл педагогы, Жылдың үздік дипломдық жұмысы, Жылдың Медиа жобасы-баспа және Интернет-ресурстардағы ТМК жайлы үздік журналистік жұмыс, Жылдың Медиа жобасы-ТМК тақырыбындағы телеарнадағы үздік журналистік жұмыс, Үздік ESG стратегиясы. Байқауға «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне аса мән беріп, көзге түскен қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған жобалар ұсынылды. Сондай-ақ тұсаукесерде Дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі күніне арналған «Қауіпсіздік сағаты» іс-шарасы туралы бейнеролик көрсетілді. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша «Жыл көшбасшысы 2023» номинациясында «Золотой Гефест» сыйлығы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау департаменті директорының м.а. Шыңғыс Турежановқа табысталды.



