Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Балаларға арналған сыйлықтар

Балаларды қорғау күні мерекесінің аясында өндірісте қаза тапқан қызметкерлердің балаларына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС 15 жасқа дейінгі әрбір балаға ақшалай қаражат пен сыйлықтар дайындады. Балқаш өндірістік алаңы бойынша Аймақтық әлеуметтік-еңбек қатынастар басқармасы мен "Кәсіп Қорған" кәсіподағы қызметкерлері 13 балаға арналған жеміс-жидектер, ойыншықтар мен тәттілер салынған арнайы сыйлықтарды табыс етті.