«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС бас директоры жұмыс сапарымен «Шатыркөл» және «Жайсаң» кеніштерінде болды
11.04.2023
Қысқа уақыт ішінде шахтада барлық қажеттіліктері бар вахталық қала салынды: 200 адамға арналған жатақхана, асхана, душ бөлмесі, киім ауыстыратын бөлме, шам және медициналық пункт бар. Сондай-ақ, кәсіпорын заманауи тау-кен-шахта техникасымен және жабдықтарымен қамтылған. Сапар барысында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС бас директоры Олег Копытов мердігер компаниялармен келіссөздер жүргізіп, кеніш жұмысшыларымен кездесті. Сондай-ақ, Корпорация басшысы Жайсаң-Шатыркөл кластеріндегі жаңа өңдеу зауытының құрылысымен таныс болды. Осыдан кейін Олег Копытов кеніштерге түсіп, Жайсаң және Шатыркөл кеніштеріндегі бұрғылау жұмыстарының барысы және басқа да жағдайлармен жан-жақты танысты. Зауыт барлық заманауи стандарттар бойынша салынуда, ӘТК және әкімшілік орталықтар түрік әріптестерінің технологиялары бойынша салынған. Байыту фабрикасында 250-ден астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз ете отырып, Жайсаң және Шатыркөл екі кенішінен кен өңдеу жоспарлануда.



