«Шахтер кубогы» - біздікі!
09.09.2023
Аталмыш шараға
«Қазақмыс» атынан футболдан корпоративішілік турнирдің чемпиондары «Қазақмыс
Корпорациясы» ЖШС Цифрландыру қызметінің құрама командасы қатысты. Спортшылар әдемі ойын көрсетіп, «Алтыналмас» пен
«Полиметалл» командаларын жеңіп, бірде-бір жеңіліссіз финалға шықты. Финалда біздің ойыншылар тағы да «Полиметалл» командасымен
кездесті. Тартысты бәсекеде қазақмыстықтар 5:2 есебімен жеңіске жетті. Цифрландыру қызметінің қоржынындағы «Шахтер кубогынан» басқа
үздік қақпашы - электромонтер Айбек Сағынтай да жүлдеге ие болды. Турнирдің үздік жанкүйері болып цифрландыру қызметінің
жетекші инженері Еркебұлан Төкенов болып танылды. Жарыстың бас төрешісі ретінде FIFA аккредиттеген төрешісі
Александр Кулаков сөз сөйледі, ол «Қазақмыс» ойыншыларының жоғары дайындық
деңгейін атап өтіп, оларды лайықты жеңісімен құттықтады. Финалдық ойында қарсыластар қақпасына Шәріп Худашев-3 гол,
Ерасыл Сәдуақасов - 1 гол, Темірхан Сүлейменов-1 гол салып ерекше көзге түсті.



