Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

First Quantum Minerals халықаралық канадалық компаниясының қызметкерлері геологиялық кластер мен Жезқазған кен орнын аралады

Геологиялық кластерге сапар аясында әріптестер құрылыс барысымен, нысаналы мақсатымен, сондай-ақ геологиялық инфрақұрылымды одан әрі дамыту перспективаларымен танысты.  Сондай-ақ, қонақтар Жезқазған учаскесіне барып, Kazakhmys Barlau бұрғылау жұмыстарының орындалуын тамашалап, Оңтүстік Жезқазған кенішінің шахтасына түсті.  First Quantum Minerals-экспортқа миллион тоннадан аса мыс концентратын шығаратын әлемдегі ең ірі 10 мыс өндіруші компанияларының бірі. Халықаралық ынтымақтастық- Kazakhmys barlau стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Ірі әлемдік компаниялармен бірлесіп жұмыс істеу геологиялық салада тәжірибе және жаңа технологиялармен алмасуға, жаңа жобаларды дамытуға және жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұндай кездесулер мен өзара сапарлар іскерлік байланыстарды нығайтуға және серіктестер арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді.

Смотрите также

Қазақмыс қызметкерлердің балалары үшін жазғы демалыс маусымын ашты
09.06.2026
Қазақмыс қызметкерлердің балалары үшін жазғы демалыс маусымын ашты
Олжас Бектенов Қазақмыстың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жоғары технологиялық медициналық жобамен танысты
08.06.2026
Олжас Бектенов Қазақмыстың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жоғары технологиялық медициналық жобамен танысты
Қазақмыс Жезқазғандағы Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері үшін мерекелік акция ұйымдастырды
05.06.2026
Қазақмыс Жезқазғандағы Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері үшін мерекелік акция ұйымдастырды