Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Есмаханов Жанбек Асанұлы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының өндірістік қауіпсіздік жөніндегі орынбасары болып тағайындалды

Еңбек жолын 1995 жылы «Оңтүстікмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының «Құмкөл» жобасында (қазіргі PetroKazakhstan) бастаған. Он жылдан астам уақыт «Теңізшевройл» компаниясында өндірістік және экологиялық қауіпсіздік саласында жетекші лауазымда қызмет атқарған. 2009 жылдан бастап Украинада жұмыс істеді: AES-Ukraine және TNK-BP компанияларында еңбекті қорғау және экология мәселелерін қадағалады.  2013 жылдан бастап DuPont Sustainable Solutions компаниясының кеңесшісі, SGS компаниясында халықаралық ISO стандартының аудиторы болды. 2020 жылдан 2025 жылға дейін ПАО «АрселорМиттал Кривой Рог» (Украина) компаниясында еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша бас директордың орынбасары болып жұмыс істеген. Еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласында 30 жылдық тәжірибесі бар.

Смотрите также

Қазақмыс төрт айдың қорытындысын шығарды: қауіпсіздік күшейіп, геология қарқыны еселенуде, инвестиция көлемі рекордтық деңгейге жетті
18.05.2026
Қазақмыс төрт айдың қорытындысын шығарды: қауіпсіздік күшейіп, геология қарқыны еселенуде, инвестиция көлемі рекордтық деңгейге жетті
«Қазақмыс» өндірістік алаңдарында қызметкерлерге арналған тұрмыстық инфрақұрылым жаңартылып жатыр
16.05.2026
«Қазақмыс» өндірістік алаңдарында қызметкерлерге арналған тұрмыстық инфрақұрылым жаңартылып жатыр
Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда
16.05.2026
Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда