Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

«ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫ» ЖШС ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ САЯСАТЫ

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС (бұдан әрі – Корпорация) – мыс кенін өндіруді және байытуды жүзеге асыратын, жоғары өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуетке ие, цифрлық трансформация стратегиясын іске асыратын Қазақстан Республикасының ірі тау-кен компанияларының  бірі.          Корпорацияның Энергетикалық саясатының мақсаттары: 1) инновациялық технологиялар мен жабдықтарды тиімді басқару және қолдану негізінде олардың қаржылық орындылығын ескере отырып, барлық өндірістік процестердің энергетикалық тиімділігін арттыру; 2) Корпорацияның дамуын қамтамасыз ету, сенімділік, қауіпсіздік және өнімділік деңгейін сақтау немесе арттыру кезінде энергия ресурстарының үлестік шығысының ең төменгі, техникалық және экономикалық негізделген деңгейіне қол жеткізу; 3) қоршаған ортаға теріс әсерді азайту.          Алға қойған мақсаттарына жету үшін Корпорация өзіне келесі міндеттерді қабылдайды: 1) Корпорация қызметіне қолданылатын энергетикалық тиімділікке, энергияны пайдалануға және тұтынуға қатысты барлық құқықтық және басқа талаптардың сақталуына кепілдік беру; 2) тәуекелдер мен мүмкіндіктерді ескере отырып, мақсаттар мен энергетикалық міндеттерді белгілеуді, талдауды және өзектендіруді жүзеге асыру; 3) энергетикалық сипаттамалары жақсартылған жабдықтарды, материалдар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру; 4) энергетикалық тиімділікті ескере отырып, жаңа өндірістерді жобалауды, жаңғыртуды және қайта құруды қамтамасыз ету; 5) Корпорация жұмыскерлерін ақпараттандыру және энергия үнемдеу мәдениетін тәрбиелеу арқылы олардың энергияны ұтымды және тиімді жұмсауға қызығушылығын арттыру; 6) энергия үнемдеу қызметінде әрбір жұмыскердің шығармашылық әлеуетін пайдалану үшін кәсіби құзыреттілікті үнемі дамыту;  7) мақсаттар мен энергетикалық міндеттерге қол жеткізу үшін ақпарат пен қажетті ресурстардың болуын қамтамасыз ету; 8) энергетикалық нәтижелерді және Энергетикалық менеджмент жүйесін үнемі жақсарту жөніндегі міндеттемелерді қамтиды. Энергетикалық саясат мақсаттар мен энергетикалық міндеттерді қалыптастыру үшін негіз болып табылады, Корпорацияның барлық кәсіпорындарының, сондай-ақ Корпорация мүддесінде қызметін жүзеге асыратын мердігерлік ұйымдардың қызметіне қолданылады.

Смотрите также

«Qauipsizdik Start» бағдарламасы арқылы «Қазақмыс» қауіпсіздік мәдениетін дамытуды жалғастыруда
25.05.2026
«Qauipsizdik Start» бағдарламасы арқылы «Қазақмыс» қауіпсіздік мәдениетін дамытуды жалғастыруда
Қазақмыс Қытайдағы металлургия және энергетика салаларының озық технологияларын зерттеуде
24.05.2026
Қазақмыс Қытайдағы металлургия және энергетика салаларының озық технологияларын зерттеуде
Қазақмыс жұмыскерлер мен олардың отбасын қолдау бағдарламаларын кеңейтуде
22.05.2026
Қазақмыс жұмыскерлер мен олардың отбасын қолдау бағдарламаларын кеңейтуде