Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

ҚР Энергетика министрлігінің басшылығы Қарағанды облысының электр станцияларына барды

«Kazakhmys Energy» ЖШС Балқаш ЖЭО «Қазақмыс» тобының құрамына кіреді, 1937 жылы пайдалануға берілген, станцияның белгіленген электр қуаты – 145 МВт, жылу қуаты – 473,7 Гкал/сағ. «Kazakhmys Energy» ЖШС (Қазақмыс Энерджи) келесі жылыту маусымына дайындық шеңберінде жөндеу жұмыстарына Балқаш ЖЭО-ға 2,6 млрд.теңге бөлді. Электр станциясын аралау барысында: - 10,8 млрд.теңге сомаға №5 қазандық агрегатының құрылысы тексерілді. Бүгінгі күні металл конструкцияларын және қазандық агрегатының қыздыру беттерін орнату бойынша жұмыстар аяқталды, құбырларды байлау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазандық агрегатты пайдалануға беру электр станциясының жылу қуатын арттыруға және тұтынушыларды жылумен жабдықтау сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. - №1 түтін шығатын құбырды бөлшектеу жұмыстары тексерілді, бүгінгі күні 70%-ы бөлшектелді. Сондай-ақ, ағымдағы жылы №2 түтін шығатын құбырды бөлшектеу жоспарланған. Сонымен қатар 2024-2025 жылдар аралығында №4 қазандық агрегаты мен қуаты 60 МВт турбоагрегат салу жоспарлануда. Объектілерді аралағаннан кейін ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері және станция басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Энергетикалық кәсіпорындарды алдағы жылыту маусымына тиісті сапамен дайындау ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің тұрақты жалпы бақылауында.

Смотрите также

Қазақмыс Қытайдағы металлургия және энергетика салаларының озық технологияларын зерттеуде
24.05.2026
Қазақмыс Қытайдағы металлургия және энергетика салаларының озық технологияларын зерттеуде
Қазақмыс жұмыскерлер мен олардың отбасын қолдау бағдарламаларын кеңейтуде
22.05.2026
Қазақмыс жұмыскерлер мен олардың отбасын қолдау бағдарламаларын кеңейтуде
Қазақмыста тоқтату жиналысының алғашқы циклы аяқталды
21.05.2026
Қазақмыста тоқтату жиналысының алғашқы циклы аяқталды