Таулар, фотосуреттер, құттықтаулар…
07.03.2023
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Нұрахмет Нұриев құттықтау сөзінде, - ерен еңбектеріңіз және сүйікті кәсіпорндарыңыздың дамуына қосқан, баға жетпес үлестеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз үшін алғыс айтамын! Сіздерге зор денсаулық, өркендеу және отбасылық шаттық тілеймін деді. «Қазақмыстың» еңбек сіңірген аруларын компанияның басқа басшылары да құттықтап, ақ тілектерін білдірді. «Қазақмыс Холдинг» ЖШС қаржы және экономика жөніндегі директоры Нұрлан Оспанов, «Қазақмыс Холдинг» ЖШС ұйымдастыруды дамыту және персоналды басқару жөніндегі директоры Евгений Козак және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС персонал жөніндегі директоры Владимир Лян. Аруларға ер азаматтар грамоталар мен алғысхаттар,сыйлықтар табыс етті. Осынау салтанатты кеште Қазақстандық эстрада жұлдыздары Ракымжан Жақайым, Бүркіт пен Айша, Ұланғасыр Ками өнер көрсетуі музыкалық тосын сый болды. «Қазақмыс» компаниялар тобында 11 мыңға жуық нәзік жандар еңбек етеді. Сонымен қатар, компанияда еңбек ететін әрбір оныншы ана, көп балалы батыр ана болып табылады. Кәсіпорындарда жүзге жуық «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері еңбек етуде. Бұл біздің әйел азаматшалардың ерекшеліктерін аңғартады. Олар отбасындағы ана рольі мен өндірістегі жұмысты шебер үйлестіріп, кәсіби тұрғыдан сәтті дамып, сұлулық пен нәзіктіктің үлгісі болуда.


