Қазақмыс экологтары кәсіби мереке қарсаңында марапатқа ие болды
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен Эколог күні қарсаңында Қазақмыста экологиялық бөлімшелердің мамандарын марапаттау рәсімі өтті. Компания кәсіпорындарында экологиялық бақылауды қамтамасыз ететін 31 инженер, менеджер және зертхана қызметкері салалық, өңірлік және корпоративтік марапатқа ие болды.

Ең жоғары салалық марапат – «Экология саласының үздігі» төсбелгісімен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қызметкері Баян Әбділдинова мен «Kazakhmys Smelting» ЖШС қызметкері Ольга Поликарпова марапатталды. Бұл марапат жоғары кәсібилігі, қызметтік міндетін мінсіз атқарғаны және экологиялық қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін беріледі.

Компанияның он маманы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар өңірлердегі кәсіпорындар мен шаң-газ зертханаларының 19 қызметкері «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының Құрмет грамотасына, Ұлытау және Қарағанды облыстары әкімдерінің марапаттарына, сондай-ақ Ұлытау облысы Экология департаменті мен «КәсіпҚорған» кәсіподағының марапатына қол жеткізді.

Экологиялық қызметтің жұмысы өндіріске экологиялық бақылау жүргізуді, қоршаған ортаның жай-күйін мониторингтеуді, табиғатты қорғау шараларын сүйемелдеуді, экологиялық заңнама талабын енгізуді және өндірістік нысандарды жаңғырту жобаларына қатысуды қамтиды.

Қазіргі уақытта компания өндірістік алаңдарда экологиялық жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруда. Оның ішінде металлургиялық кәсіпорындарға озық технологияларды енгізу және өндірістік үдерістің экологиялық тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар бар.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі экологтардың еңбегін жоғары бағалап, алдағы міндеттерге тоқталды.
– Экологиялық тиімділікті арттыру мәселесіне жүйелі түрде бұрынғыдан да көбірек көңіл бөлу қажет. Біз экологиялық күн тәртібін формалды көрсеткіштер үшін емес, нақты сапалы өзгерістерге қол жеткізу үшін күшейтуге ниеттіміз. Осы бағытта компанияның экологтарына үміт артамын. Сіздер қоршаған ортаны қорғау мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің арасындағы тепе-теңдікті сақтауға көмектесетін сарапшы болуларыңыз керек. Алдымызда ауқымды міндет тұр. Біз өндірісті экологиялық тұрғыдан жаңғыртуға инвестиция салуды жалғастырамыз, – деді ол.

Компанияда экологиялық құзыреттерді дамыту, заманауи технологияларды енгізу және табиғатты қорғау қызметінің тиімділігін арттыру өндірістік активтерді ұзақ мерзімді дамытудың маңызды бағыты ретінде қарастырылуда.
Марапатталғандар тізімі:
«Экология саласының үздігі» төсбелгісі
- Әбділдинова Баян Ермұханқызы, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Экологиялық реттеу және бақылау департаменті Экологиялық реттеу басқармасының басшысы;
- Поликарпова Ольга Игоревна, «Kazakhmys Smelting» ЖШС Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы.
«Құрмет грамотасы»
- Қараев Есет Жаумбайұлы, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Экологиялық реттеу және бақылау департаменті Тұрақты даму бөлімінің басшысы;
- Игембаева Индира Серікқызы, «Shatyrkol-Jaysan Tau-ken ondirisi» филиалы Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы;
- Васильева Наталия Николаевна, «Q.I. Satpaev atyndagy Jezqazgan Tau-ken ondirisi» филиалы Шаң-газ зертханасының басшысы;
- Жақаева Меруерт Сатыбалдықызы, «Q.I. Satpaev atyndagy Jezqazgan Tau-ken ondirisi» Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің жетекші инженері;
- Сүлейменова Айжан Байғалықызы, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Бас жобалау институтының Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы;
- Сүлейменова Жанат Елемесқызы, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Бас жобалау институты жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау тобының сарапшысы;
- Иманқұлова Айнұр Аликқызы, «Q.I. Satpaev atyndagy Jezqazgan Tau-ken ondirisi» филиалы Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы;
- Маманова Назира Жәкенқызы, «Q.I. Satpaev atyndagy Jezqazgan Tau-ken ondirisi» филиалы Шаң-газ зертханасы тобының жетекшісі;
- Жарылғасынова Ботагөз Маратқызы, «Q.I. Satpaev atyndagy Jezqazgan Tau-ken ondirisi» филиалы Шаң-газ зертханасы тобының жетекшісі;
- Гүлнар Шүкірова, «Q.I. Satpaev atyndagy Jezqazgan Tau-ken ondirisi» филиалы Шаң-газ зертханасының инженер-химигі;
- Әбдуғалиева Татьяна Анатольевна, «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған өңірі бойынша Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің инженері;
- Аманова Егізек Сламбекқызы, «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған өңірі бойынша Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің инженері.
- Дүйсембекова Айнагүл Ерланқызы, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Экологиялық реттеу және бақылау департаменті Тұрақты даму бөлімінің менеджері;
- Жансая Ержанқызы, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Экологиялық реттеу және бақылау департаменті Экологиялық реттеу басқармасының менеджері;
- Рахимова Мәдина Кәрімқызы, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Экологиялық реттеу және бақылау департаменті Экологиялық реттеу басқармасының менеджері.
- Серғабаев Нұржан Бағдатұлы, «Kazakhmys Smelting» ЖШС Балқаш өңірі бойынша Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы;
- Сазанбаев Ербол Келісұлы, «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған өңірі бойынша Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы.
«Алғыс хат»
- Төлепбекова Мәдина Қажымұратқызы, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Экологиялық реттеу және бақылау департаменті Экологиялық реттеу басқармасының менеджері;
- Амангелдин Серікбол Жандарбекұлы, «Qaragayly Tau-ken ondirisi» филиалы Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің жетекші инженері;
- Рысбеков Медет Бақытұлы, «Q.I. Satpaev atyndagy Jezqazgan Tau-ken ondirisi» филиалы Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің инженері;
- Мұханов Бекзат Мирамұлы, «Kazakhmys Smelting» ЖШС Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас маманы;
- Тыщенко Александра Игоревна, «Kazakhmys Smelting» ЖШС Шаң-газ зертханасының басшысы;
- Дүзбаева Амангүл Қырғызәліқызы, «Qaragayly Tau-ken ondirisi» филиалы Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы;
- Советқали Қарлығаш Советқалиқызы, «Qaragayly Tau-ken ondirisi» филиалы Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің инженері;
- Жанна Шайхстанова, «Kazakhmys Smelting» ЖШС Балқаш өңірі бойынша Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің инженері;
- Жұлдыз Орынтаева, «Kazakhmys Smelting» ЖШС Балқаш өңірі бойынша Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің инженері.
«Кәсіп Қорған» кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасы»
- Дүйсембекова Айнагүл Ерланқызы, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Экологиялық реттеу және бақылау департаменті Тұрақты даму бөлімінің менеджері;
- Баймағизова Айгүл Шакизадақызы, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Бас жобалау институты Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің жетекші инженері;
- Әбілдаева Ғазиза Асылханқызы, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Бас жобалау институты Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің жетекші инженері.






