Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

«JUNIOR CUP»

Турнирге 8 бен 12 жасқа дейінгі бүлбіршәндерден құралған 15 команда қатысқан болатын.Әр өндіріс орны өздерінің балалар командаларына арнайы формалар дайындап осынау турнирге жақсы дайындықпен келген. Балалар футбол ойынына әр команда өз жаттықтырушыларымен шебер жаттығып үлкен дайындықпен келгені байқалды. Ойын соңында барлық командалар марапатталып арнайы сыйлықтар мен алғысхаттар табыс етілді. Дегенмен 15 команда ішінде «Аймақтық қойма шаруашылығы» балалар командасы  үздік шығып үшінші орынға  қол жеткізді. Екінші орынды «Шығыс жезқазған кеніші» командасы еншілесе, Турнир жеңімпаздары болып «ЖМЗ» балалар командасы танылды. Ойын барысында барлық командалар марапаталып қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен алғысхаттар табыс етілді. Ал үздіктер қатарындағы үш команда ойыншыларына турнир жеңімпаздары ретінде арнайы медальдар мен сыйлықтар сондай-ақ «JUNIOR CUP» футбол турнирінің кубоктары табыс етілді. Бұл турнир алдағы жылдары да жалғасатын болады. Жарыс «Jastar Bolashaq» жастар одағының қолдауымен өтті.

Смотрите также

Қазақмыс төрт айдың қорытындысын шығарды: қауіпсіздік күшейіп, геология қарқыны еселенуде, инвестиция көлемі рекордтық деңгейге жетті
18.05.2026
Қазақмыс төрт айдың қорытындысын шығарды: қауіпсіздік күшейіп, геология қарқыны еселенуде, инвестиция көлемі рекордтық деңгейге жетті
«Қазақмыс» өндірістік алаңдарында қызметкерлерге арналған тұрмыстық инфрақұрылым жаңартылып жатыр
16.05.2026
«Қазақмыс» өндірістік алаңдарында қызметкерлерге арналған тұрмыстық инфрақұрылым жаңартылып жатыр
Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда
16.05.2026
Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда