Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Металлург күні: Қазақмыс қызметкерлері марапатталды

Жезқазғанда марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградаларды табыстаған Премьер-министр Олжас Бектеновтің қатысуымен өтті. Сондай-ақ, марапаттар «Kazakhmys Holding» ЖШС Директорлар кеңесінің, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Нұрахмет Нуриевтің, «Kazakhmys Smelting» ЖШС Бас директоры Жәнібек Байғабеловтің, компания орналасқан өңірлердегі облыс және қала әкімдерінің, «Аманат» партиясының және кәсіподақ ұйымдарының атынан табысталды.