Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қазақмыс геологтар күнін атап өтті

Сондай-ақ, салтанатты іс-шара «Kazakhmys Barlau»ЖШС-нің Астана және Жезқазған қалаларындағы кеңселерінде де ұйымдастырылды. Дәстүр бойынша үздік қызметкерлерді Алғыс хаттармен, Құрмет грамоталарымен және үздік белгілерімен, сондай-ақ естелік сыйлықтармен марапаттау рәсімі өтті. Мереке күні компанияның 21 қызметкерінің еңбегі ерекше  атап өтілді. «Геолог – бұл мамандық емес, геолог – бұл кәсіп! Сіздердің әрқайсыларыңыз өзі сінің кәсіби маманысыздар және бұл біз мақтан тұтатын компанияларымыздың ең мықты тұсы!» - деді«Kazakhmys Barlau»ЖШС Бас директоры Ғалым Нұржанов. Зерттеу, аэрогеофизика/жерүсті Геофизика сысаласындағы ірі компаниялар болып табылатын«Kazakhmys Barlau»ЖШС және«QazaqGeophysics»ЖШС-да 730-дан астам маман жұмыс істейді, оның ішінде: 130 геолог, 40 геофизик және 200-ден астам бұрғылаушы маманы бар.