Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

«Cuprum run Zhezkazgan - 2023» жаппай спорттық жарыс өтті

Бір айналымнан өтуге қатысушыларға бір сағат уақыт берілді, алайда спортшылардың көпшілігі берілген уақыттан бұрын келіп жатты, Жезқазғанның ыстық күнін ескеретін болсақ бұл оңай болмағаны анық. Жарысқа «Қазақмыс» қызметкерлері, сондай-ақ басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев қатысты. Марафонға қатысу құны 3 000 теңгені құрады. Жиналған қаражат қайырымдылыққа бағытталады. Спорттық іс-шараның барлық қатысушылары естелік медальдармен марапатталды. Бұқаралық спорттық іс-шараның барлық қатысушыларын құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!