Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

«Қазақмыс» «Жер Сағаты» акциясына қатысты

Бір сағат ішінде Балқаш пен Жезқазғандағы мыс балқыту зауыттары, Шатыркөл кеніші, «Молодежный» көмір кеніші, «Жезқазғантүстімет», «Балхаштүстімет» және «Қарағандытүстімет» өндірістік бірлестіктері, Бас жобалау институты, Жезқазғанның күрделі құрылыс басқармасы, сондай-ақ басқа да бірқатар орналасқан қалалардағы кәсіпорындар мен әкімшілік ғимараттарды жарықты өшірді. Экологиялық акция компанияның өндірістік процестеріне ешқандай әсер еткен жоқ. Биылғы жылы Қазақстанда «Жер Сағаты» шарасы еліміздің төл табиғаты мен ресурстарын сақтау тақырыбына арналған. «Қазақмыс» компаниялар тобы бұл бастаманы толығымен қолдайды және өзі жұмыс істейтін қалалардағы және жеке өндіріс орындарындағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.