БМЗ металлургиялық пештерін жөндеу цехына - 60 жыл
05.07.2023
Жарты ғасырдан астам уақыт бойы Балқаштың мыс алыбында ең ауыр және күрделі кәсіптердің бірі – металлургиялық пештерді жөндеу цехының пеш қалаушы мамандары еңбек вахтасын атқарып келеді. ВП-1 және 2 қондырғыларының жұмыс істеуі және жоғары сапалы өнім – катодты мыс өндірісі, толығымен олардың шебер қолдары мен шымырлығы, кәсіби шеберлігі мен ептілігіне байланысты. Дәл осы цех зауыттың барлық металлургиялық өндірісінің тұрақты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Атаулы күнге арналған салтанатты іс-шара Қазақмыс политехникалық колледжінің жыйын залында өтті. Осы күні салтанатты шараға қатысушылар – цех қызметкерлері мен ардагерлерін «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Жәнібек Байғабелов, техникалық директор Гүламидин Камирдинов, БМЗ директоры Ербол Айбеков, Балқаш алаңы бойынша кәсіподақ ұйымының төрағасы Бақтияр Сүлейменов құттықтады. Осы мереке күні үздіктер мінсіз еңбегі және жалпы цех пен кәсіпорынның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен, мақтау қағаздарымен марапатталды. Алты бірдей пеш қалаушы маманға қала әкімінің алғыс хаттары және "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС Бас директорының Құрмет грамоталары табысталды. "Үздік бригадир", "Үздік шебер", "Тәлімгер" және "Жас маман" номинацияларында цехтың 13 қызметкері құрмет грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ, 11 адам Балқаш алаңы бойынша "кәсіподақ қорғаны" ҚБ кәсіподақ комитетінің құрмет грамоталарына ие болды. Аталмыш іс-шарада қаланың әртістері мен би топтарының өнерлері тамашаланды Ләззат Смағұлова



