Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қазақмыс Ұлытау облысын абаттандыру жобаларын ұсынды

Нұрахмет Нұриевтің айтуынша, жобалар тұрғындар үшін қолайлы  демалыс орнын құруды көздейді. Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы өз кезегінде жергілікті ландшафттарды барынша сақтай отырып  көгалдандыру мен суару мәселесін қарастыру қажеттігін атап өтті. Бұл жобалар «Қазақмыс» компаниялар тобы мен Ұлытау облысының әкімдігі арасында қол қойылған өзара түсіністік және ынтымақтастық  меморандумы шеңберінде іске асырылатын болады. Құжатқа сәйкес, компания Жезқазған, Сәтбаев қалаларында және Ұлытау ауданында жалпы сомасы 35 млрд. теңгеге ондаған жобаны іске асыруда. Меморандум аясында алдағы жылдары өңірде әлеуметтік-мәдени нысандар, оның ішінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Жезқазған қаласындағы қала жағалауы мен балабақша құрлысы, Сәтбаев қаласында емхана мен травматологиялық пункт салынады. Сондай-ақ, Қазақмыс «Кеңгір» су қоймасының жағасындағы құрлысы ұзаққа созылған  мешітті аяқтайтын болды. Меморандумның негізгі мақсаты Ұлытау облысының инфрақұрылымы мен абаттандырылуын дамытуда тараптардың өзара қолдауы мен белсенді ынтымақтастығын нығайту болып табылады.

Смотрите также

«Қазақмыс» өндірістік алаңдарында қызметкерлерге арналған тұрмыстық инфрақұрылым жаңартылып жатыр
16.05.2026
«Қазақмыс» өндірістік алаңдарында қызметкерлерге арналған тұрмыстық инфрақұрылым жаңартылып жатыр
Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда
16.05.2026
Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда
Қазақмыс өндірісте цифрлық мониторингті дамытуды жалғастырады
15.05.2026
Қазақмыс өндірісте цифрлық мониторингті дамытуды жалғастырады