Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

«Қауіпсіздік жоспардан маңызды»: Қазақмыстағы Safety Stand Down жобасы жаңа кәсіпорындарды қамтыды

«Қазақмыс» Тобы «тоқтату жиналысы» (Safety Stand Down) жүйесін кезең-кезеңімен енгізуді жалғастырып, жобаны жаңа өндірістік кәсіпорындарда іске асыруда. Балқаш алаңында және барлау бөлімшелерінде сәтті іске асырылған бастамаға енді Qaragayly мен Shatyrkul-Zhaisan Tau-ken ondirisi еңбек ұжымдары қосылды. Бұл формат компанияда жарияланған Қауіпсіздік жылы және 2026–2028 жылдарға арналған өнеркәсіптік қауіпсіздікті трансформациялау стратегиясы шеңберіндегі маңызды құралдардың біріне айналды.

Жаңа тәсілдің мәні – өндірістік үдеріс барысында басшылықтың бастамасымен арнайы үзіліс жасауда. Осы сәтте учаскедегі жұмыс толық тоқтатылып, өндірістік міндетін орындап жүрген қызметкерлер қауіп-қатерді бағалауға назар аударады. Өндірістегі оқыс оқиғалар көбінесе асығыстықтың немесе ұсақ бұзушылықты елемеудің салдарынан орын алатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан мұндай кездесудің негізгі мақсаты – қауіп туындамай тұрып «әрекетсіздік тізбегін» үзу.

Qaragayly және Shatyrkul-Zhaisan кәсіпорындарында өткен соңғы кездесуде қарапайым слесарьдан учаске басшысына дейінгі кез келген қызметкер қауіпті жұмысты тоқтатуға міндетті және құқылы екені ерекше атап өтілді.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі бұған дейін ешбір өндірістік көрсеткіш адам өмірінен жоғары тұрмайтынын және өндірістік жоспарды орындау тек қауіпсіздік талабы қатаң сақталған жағдайда ғана мүмкін екенін айтқан болатын. Жиналыс барысында енгізілетін ашық диалог форматы жұмысшыларға өндірістегі тәуекелдерді басшылықпен тікелей талқылауға мүмкіндік береді. Бұл қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мәселесіне деген жауапкершілігін айтарлықтай арттырады.

Жобаны кеңейту Топтың ұзақ мерзімді даму жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта қауіпсіздік эстафетасын корпорацияның өзге де өндірістік нысандары қабылдайды.

Болашақта «тоқтату жиналысы» жұмыс ырғағының ажырамас бөлігіне айналып, тәуекелді басқару тәсілін түбегейлі өзгертеді деп күтілуде. Яғни, оқиғаның салдарын жоюға емес, оның алдын алуға және болдырмауға ерекше назар аударылады.

Смотрите также

Олжас Бектенов Қазақмыстың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жоғары технологиялық медициналық жобамен танысты
08.06.2026
Олжас Бектенов Қазақмыстың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жоғары технологиялық медициналық жобамен танысты
Қазақмыс Жезқазғандағы Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері үшін мерекелік акция ұйымдастырды
05.06.2026
Қазақмыс Жезқазғандағы Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері үшін мерекелік акция ұйымдастырды
Қазақмыс экологтары кәсіби мереке қарсаңында марапатқа ие болды
04.06.2026
Қазақмыс экологтары кәсіби мереке қарсаңында марапатқа ие болды